Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады. Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады. Метод – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың үйрену әдісі дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері.....
Курстық жұмыстар
Толық