Қылмыстық құқық | МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді. Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс. Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.....
Курстық жұмыстар
Толық