Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар

Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпыэкономикалық тепе-теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәнін, маңызын ашу жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты категорияларын талдау қажет.Жиынтық сұраныс-(AD)- (aggregate demand)-бұл қазіргі кезде баға деңгейі кезінде (тұтынушылық, инвестициялық сұраным, мемлекет тарапынан сұраным, таза экспорт) көрсетуге болатын тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміне сұраным.Жиынтық ұсыныс (AS)- қалыптасқан баға деңгейімен сәйкес өндіріліп және ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны.Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын.Оның өзіне аңда санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді. 30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойлардың дұрыстығына күшті күдік тудырды.....
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық