Тарих | Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі – Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа ұлт өкілдерімен бірлесе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өз мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін қымбат. ....
Курстық жұмыстар
Толық