Қылмыстық құқық | Жауаптылықты жеңілдететін жағдайдағы адам өлтіру

Кіріспе
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр санаттағы қылмыстар тобына жатады.
Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер өте көп....
Курстық жұмыстар
Толық