file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны есептеу аудиті

Кіріспе
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік – ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық- құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.
Еңбекақы – бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық