Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік баланс аудиті

КІРІСПЕ
Елімізде мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы нарығына шығуы, шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы бухгалтерлік есеп жүйесін кезеңдеуді талап етеді.
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік, жалпы еліміздің экономикасын көтеруге оң әсерін тигізеді. Еліміздегі кез – келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір – бірімен тығыз байланысты – жабдықтау, өнім өндіру өндірілген өнімдерді, тауарларды сатып - өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен тұрады.
Бүгінгі таңда әлемдік ғаламдану жағдайында ел Президентінің басты бағыт деп анықтаған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету маңызды рол ойнап отыр. Экономиканың бәлекеге қабілеттілігі мен транспатренттілігінің негізгі белгісі болып, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін ескеру керек.....
Курстық жұмыстар
Толық