Экономика | Кәсiпорынның қаржысының жағдайын бағалау

ҚР кәсiпорындарында соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтың қатнастарға өтуiне байланысты бухгалтерлiк есептiң, әдiстемесi мен тәжiрбиесiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Бугалтерлiк есеп стандарттары мен субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметi шоттары бас жоспарының 1997 ж. 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзiлуi және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендiрiлуi нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдiстемесiн жасауды қажет етедi. Есеп тiркемелерiнде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудiң дәстүрлi бухгалтерлiк қызмет, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ - тiлектерiне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжiрбие көрсеттi. Әскерлiк шешiмдер қабылдау үшiн бұл ақпарат белгiлi түрде өзгертiлуi және өңделуi қажет. Қазiргi жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлi әдiстерiн бiлудi, кәсiпорында қабылданған қаржылық стратегияны iс жүзiне асыруды қамтамасыз ететiн есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметiнiң аясы жай есепшiлiктен қаржы жағдайын талдау iсi ажырамас бөлiгi болып табылатын, қаржы менеджментiне дейiн өсiп, айтарлықтай кеңейедi. Қоғамда қаржылық талдау бiреудiң орынсыз тiлегiнен емес, өмiрлiк аса қажеттiлiк салдарынан туындады. Нарықтың экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесi мен өзгеше iс-әрекеттi талап етедi. Ол зауыт, қоймалары мен ашық алаңдарда,материалдар мен шикiзаттың қисапсыз қорларының көгерiп, тот басып жатуына, яғни милиондаған теңгенiң доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсiпорын мүлкiне салынған әрбiр теңге жаңа табыс әкелу үшiн осы қорларды қозғалысқа келтiредi. Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатнастар кәсiпорындардың шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қаржылық мәселелердi өз бетiнше шеуiне мол мүмкiншiлiк ашты. Атап айтқанда iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi шерiктi таңдауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс-әрекеттiң тиiмдiлiгi көбiнесе осыған байланысты болады. Кәсiпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сiлтеуiмен емес, контрагенттердi (жабдықтаушы, сатып алушы, мердiгер, банк және т.б.) қазiргi кезде өз қалауы бойынша алады. Нарық жағдайында кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiру мен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстары жағдайын көрсетедi. ....
Курстық жұмыстар
Толық