Экономика | Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Инвестициялар – пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында материалдық өндіріс және материалдық емес салалар объектілеріне материалдық және интеллектуалдық ресурстар салымдары. Инвестициялық қызметтің объектісі болып қайта құрылатын және жетілдірілетін негізгі қорлар, айналым қорлары, бағалы қағаздар және тұтастай ақшалай салымдар, ғылыми-техникалық өнім, меншіктің басқа да объектілері, сонымен қатар меншік құқығы және интеллектуалдық меншік құқығы табылады.
Қазақстан Республикасының территориясында күші бар Заңнамаларға сәйкес инвестициялардың, соның ішінде, меншік түріне тәуелсіз шетел инвестицияларының қорғалатындығына кепіл беріледі.
Инвестициялық қызмет субъектілері арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құқықтық құжат келісімшарт болып табылады. Ұйым инвестицияның көлемін,бағытын, өлшемін, тиімділігін өздігімен анықтайды. Сонымен, инвестицияның экономикалық категория ретіндегі ұғымы өз алдына инвестициялық ресуртарды қалыптастыру бойынша экономикалық жүйені танытады.
Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс. Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етумен анықталады ....

Курстық жұмыстар