Экономика | Кәсіпкерліктегі франчайзинг

Қазір кез келген кәсіпкер өз тауар маркасын дүниеге алып келіп, оны заңи тіркей алады. Бірақ тауар маркасын брендке айналдырып, оны қоғамға танымал ету үшін қыруар қаражат керек. Сонымен қатар коммивояжерлердің белсенді жұмысы, жарнамалық кампания, тағы басқа рухани және материалдық ресурстарды қажет ететін жұмыстар жасалуы керек. Мұндай инвистицияны Қазақстан кәсіпкерлерінің басым бөлігінің қалтасы көтермейді. Сондықтан, қазіргі кезде кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы танымал тауар маркасын қолдану құқығын сатып алған өте ыңғайлы. Бұл жағдайда ірі компания-франчайзор кәсіпкерге қажетті технологиямен қамтамасыз етіп, қызметкерлерді оқытуға кепілді. Ал кәсіпкер болса, тек осы компанияның тауар маркасын қолдануға міндетті (көбінесе халықаралық деңгейде).
Қазақстанда франчайзинг жаңадан ғана дамып келе жатыр, бірақ оны тұтыну нарығына оңды енгізу тәжірибесі баршылық. Отандық сауда жүйелері франчайзинг элементтерін сауда жұмысын ұйымдастыруда белсенді түрде қолдануда.
Франчайзингтің барлық елде анықтамасы бір болғандығына қарамастан, әр елде оның дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстандағы франчайзингті сипаттау, ерекшеліктерін талдау және кәсіпкерліктегі алатын орнын талдау болып табылады. Ал зерттеу аясы – Қазақстан және аталған жүйе дамыған елдер нарығындағы франчайзинг.
Жалпы курстық жұмыс міндетіне тоқалатын болсақ, франчайзингтік кәсіпкерлікпен айналысқысы келген бастауыш бизнесменге франчайзинг табиғатын, кемшіліктері мен артықшылықтарын, жүйеде жиі кездесетін көкейтесті мәселелерді ашу және франчайзингке қажетті моральді және материалды қажеттіліктерді айқындау болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық