Информатика | Интерактивтілік интернет технологиясы

Өз тарихында түрлі дәуірлер мен формацияларды бастан өткізген адамзат баласы жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде интерактивті ақпарат көздеріне қол жеткізді. Ал XXI ғасыр – ақпараттар тасқынының ғасыры болып саналуда. Яғни, бүгінде «Кім ақпаратты иеленсе, сол әлемді билейді» деген қағида аксиомаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы еліміздің экономикалық, саяси тіпті әлеуметтік өміріне өзгерістер енгізбей қоймады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа ақпараттық революция мейлінше өрістеу үстінде.
Қазіргі таңда біз үшін қашықтықтан басқаруға болатын теледидар, пейджер, радиотелефон немесе параболлдық антенналар жаңалық емес. Адам игілігіндегі электрондық даму да күннен күнге алға жылжуда. Екінші сөзбен айтқанда Интернет тіршілігімізге ентелеп еніп өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Бүгінгі интернеттің қамту ауқымы кереметтің кереметі. Бұл шындыққа негізделген шеберлік әлемі. Өзінің даму барысында әлемдік тор соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында да жаңа мүмкіндіктерге ие болды десек артық айтпаған болар едік. Ақпараттық технологиялардың даму жолында кездесетін қиыншылықтарға қарамастан, интерактивті Интернетті, қолдануға ниеттері зор компаниялардың саны барған сайын арта түсуде. Сонымен бірге Қазақстандағы жаңа технологиялардың аршылды қадалдармен дамуы ел тіршілігіне үлкен реформалық жаңалықтар әкелуде. Бұл дегеніміз қоғамдағы қызметтерді Интернетпен қамтамасыз ету және әлемдік тордың болашағынан зор үміт күту деп қарауға болатын жағдай. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезінуге болады. Яғни бұл қашықтық ұғымын ұмытып, планетамыздың кез-келген нүктесінен бір-бірімен бейнелі түрде байланысу мүмкіндігіне қол жеткізіп....
Курстық жұмыстар
Толық