Экономика | ДЕПОЗИТТІ НЕСИЕЛІК КАЛЬКУЛЯТОР

Жеке тұлғалар үшін негізгі банктық өнімдер несиелер мен депозиттер болып табылады. Көптеген банктердің ғаламтор сайттарында несиелерді немесе депозиттерді жоспарлауға байланысты бағдарламаларды табуға болады. Бұл бағдарламалар жорамалданған депозит жинақтарын немесе несие бойынша төлемдерді оңай және тез есептеу үшін шығарылған.
Менің бұл тақырыбым көптеген адамдар үшін өзекті болып табылатындықтан осы ғылыми жобаны таңдадым. Өйткені көптеген адамдар түрлі материалды қажеттіліктерге (тұрмыстағы кішкене шығындардан бастап жылжымайтын мүлікті сатып алуға дейін) кететін шығындарды жоспарлайды. Әрине, қандай да болсын сомманы жинау үшін көп уақыт қажет, сондықтан да банктердің несиелік бағдарламаларын қолданады. Көптеген тұтынушылар алдын ала жинақтау мен белгілі уақыттан кейін несие алу туралы да ойланады. Алайда қолда бар депозитты және несие калькуляторларын бір бағдарламалық үстемеде орындауға мүмкіндік бермейді.
Мысалы, 2015 жылы мен жоғарғы оқу орнына түсуім керек. Мені қызықтыратын мамандықта бюджеттік орындардың саны шектеулі. Сондықтан да, менің ата-анама менің оқуымды төлеуге тура келеді. Біз Білім берудің мемлекеттік жинақтықтаушы жүйесі бойынша үздіксіз салымдарды салып бастадық. Бағдарлама бойынша қатысушы-банк сыйақыларымен қоса жорамалданған мемлекет сыйақылары жалпы екінші дәрежелі банктердің депозитты бағдарламаларының мөлшерлемелерінен асып түседі. Алайда, біздің отбасы бөле алатын ай сайынғы жинақтар сомасы белгіленге мерзімге дейін қажетті соманы жинауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бізге қарыздық құралдарды пайдалануға тура келеді.
Ғылыми жетекшім менің алдыма келесі міндеттерді белгілеп берді:
- банк құралдарын анықтау мен зерттеу;
- депозит бойынша жинақталған қорды, несие бойынша төлемдерді есептеуге арналған жалпы формулалар мен депозитті-несиелік формулалар жиының қорыту;
- депозитті-несиелік калькуляторды жазу.
Осы жұмыстың нәтижелері біздің отбасымыз бен басқа адамдарға білім алу мен басқа да мақсаттарда жинақтау мен несиені тез және тиімді жоспарлаудың құралын алуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар қолда бар айлық жинақтаулар мен несие бойынша төлемдердің қаржылық мүмкіндіктері кезінде қарыз бойынша оны өтеу мерзімдерін есептей алады.
Банк құралдарын зерттеуден кейін мен тез есептеу формулаларын таптым. Формуланы қорыту кезінде арифметикалық және геометриялық прогрессия қосындыларын есептеу пайдаланылды. Формулалардың қорытылулары Microsoft Visual С++ автоматтандырылған кестелері көмегімен тексерілді. Олардың нәтижелері сәйкес болып шықты. ....
Курстық жұмыстар
Толық