Құқық | Айыпталушыдан жауап алу тактикасы

1995 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық қағидасы белгіленіп, оны жүзеге асыру құқық қорғау органдарының алдында тұрған мәселелерді шешудегі ең басты мақсаты болып табылады. Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағы "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" - деп аталған, осыған сәйкес, барлық лауазымды тұлғалар мен азаматтар өзінің лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша заң және сот алдында тең. Заңдылық қағидасын орындамау, қылмыстылықпен күрес жүргізетін органдардың қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасында дүние жүзіндегі қылмыстылықпен күрес ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес соңғы бес жылдың ішінде Республикамызда қылмыс саны екі-үш есеге өскен. Осы көрсеткіштерге сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың жасаган қылмыстарының саны үш-төрт есеге өскені ең басты мәселеге айналып отыр. Бұрын тек ересектерге ғана тән болған қылмыстар, айта кетсек қару-жарақ және наркотик сату, ұрланған заттарады сату, өз ортасында рэкет болу, қылмыс құрбандарымен қатыгез болу сияқты қылмыстар кәмелетке толмағандар арасында кең етек жая бастады.
Сол себепті де заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстылықпен және өзге де құқ бұзушылықтармен шешімді түрде
күрес жүргізу, олардың алдын-алу, қазіргі кездегі шешуші, әрі негізгі мәселелердің біріне айналып отыр....
Курстық жұмыстар
Толық