География | Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың табиғаты мен ерекшеліктері

Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар
Неотектоникалық қозғалыстардың табиғатын түсіну үшін алдымен қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстарды және неотектоникалық қозғалыстардың бүгінгі таңдағы айқын белгісі сейсмикалық қозғалыстарға назар аудару қажет.
Жоғары айтылғандай қазіргі тектоникалық қозғалыстар деп қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге аспапты бақылаумен зерттелетін жер қыртысының қозғалысын айтады. Мұндай қозғалыстар әр түрлі аспаптарды қолдану арқылы зерттеледі. Бұл қозғалыстардың бірнеше зерттелу әдістері бар.
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың зерттелу әдістері
Тарихи-археологиялық әдіс. Голландияда теңіз деңгейі ұдайы көтерілгендіктен Х ғасырдан бастап, онда тұратын халықтар теңіз шарпуынан қорғаныс ретінде жағалар бойында бөгеттер орнатқан. Теңіз жағасы төмен түскен сайын бөгеттердің үстіне құм, тас салып жалғастыра берген. Сол кездегі салынған қорғаныс бөгеттердің биіктігі қазіргі кезде 15 метрге дейін жеткен. Сонда есептей келгенде осы аймақтың жылдағы төмендеу жылдамдығы 0,5 – 0,7 миллиметр шамасында болған.....
Курстық жұмыстар
Толық