Кәсіпкерлік | Шагын касипкерлик дамуы

Кіріспе
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек.
Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.
Шағын бизнес нарықтық экономикада өте кең мағыналы. Шағын бизнес болмаған жағдайда нарықтық экономика дами да, өркендей де алмайды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында шағын бизнестің қалыпты жағдайы мен дамуы экономикалық саясаттың басты мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикада шағын бизнес – басты сектор, ол экономикалық өсудің бағытын, құрылымын және ІҰӨ сапалығын анықтаушы болып табылады. Барлық дамыған мемлекеттерде шағын бизнес ІҰӨ нің 60-70% пайызын құрайды.....
Курстық жұмыстар
Толық