Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруға дағдыландыру

I -тарау Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын қалыптастыру
1.1. Мәтінге берілетін сипаттама мен анықтама
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: "Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда дама жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысы мен баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді", - делінген. Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты оқушыларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы, "Бұлақ көрсең - көзін аш", "Оқу өрге тартады, надандар жерге тартады", "Тіл - ақылдың өлшемі", "Тілі жеткенше сөйлеген - шешен, қолы жеткенше сөйлеген - көсем" деген этикалық ережеге айналған даналық сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту бастауыш мектеп оқушыларын тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық