География | Балқаш көлі алабы

Кіріспе
Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3 - орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде , Балқаш- Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 - 22 мың км², ұзындығы 600 километрден астам, ені шығыс бөлігінде 9 - 19 километр, батыс бөлігінде 74 километрге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 - 110 км³. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 метр, ең терең жері 26 метр. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ін береді ), шығыс бөлігінде Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз , Бақанас , Тоқырауын , Жәмші , Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра – жылғамен тілімделген; ал, оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар , аралдары аз, үлкендері : Басарал, Тасарал. ....
Курстық жұмыстар
Толық