Экономика | Каспий маңы аймағы антропогендік геожүйелер

Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-әрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының әсер етуші күшті факторлардың қатарына қосылуда.
Антропогендік процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген бірде-бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрыстыруда.
Антропогендік фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафттың құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайымен үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Анторопогендік фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының морфологиялық құрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен процестерге жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, тағы басқаларды жатқызуға болады. [1]
Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафттың құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады. Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Месопотамияда, Грецияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде, егістік жер таппақ болған адамдар орман ағаштарын түп-тамырымен қопара қазғанда, осы арқылы өздерінің бұл елдерді ормандарымен бірге ылғалды жиып, сақтайтын орталықтарынан айырғаны, бұл елдердің қазіргі тып-типыл қалыпқа түсуін бастап бергені түстеріне де кірген жоқ», - деп жазған. Кітапта: «Альпілік итальяндар таудың теріскей беткейінде мұқият сақталып күтілетін қылқанды ағаштарды кесіп тастағанда, олар осы арқылы өз аймағында биік тау баурайларындағы мал шаруашылғының тамырына балта шабамыз, деп ойлаған жақ, олардың мұнан да бетер бір болжай алмаған нәрсесі-олар осы арқылы өздерінің таудан шығатын бұлақтарын жыл ішінде көп уақыт бойы сусыз қалдырды», - деп адам әрекеті мен табиғат құбылыстарының бір-біріне өтулері арқылы әсер ететінін өте нанымды тұжырымдады.[4] ....
Курстық жұмыстар
Толық