География | Интеграция ұғымы

Жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Еуропалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы Еуропалық интеграциялық бірлестікке айналды.
Курстық жұмыстың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге болады:
Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын нәтижелерін айтсақ болады.
Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әрер етуде, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Интеграция ұғымын толық сипаттап, XXI және ХХ ғасырдағы саяси интеграциялық моделі ретіндегі Еуропалық Одақтың дамуын зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістерді зерттеу;
- Еуропалық Одақтың құрылу тарихын және даму баспалдақтарын қарастыру; ....
Курстық жұмыстар
Толық