Биология | Клетканың химиялық құрамы

Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде байқалғанымен тіршілікке қажет элементтердің саны жиырмаға жуық. Клеткадағы олардың концентрациясына сәйкес бұл элементтерді үш категорияға бөледі-негізгі элеметтер, микроэлементтер және ультра-микроэлементтер деп. Түрлі түрдегі элементтердің жалпы жинағы түрліше болды. Кейбір элементтердің универсалдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, фосфор, күкірт, кальций, калий және хлор) басқалары бәріне бірдей керек болғанымен түр- лердің көпшілігіне қажет(темір, мыс, марганец, мырыш).
Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бұл тірі және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртұтастығын көрсетеді.Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт клетканың органикалық қосылыстарын құрайтын құрылыс бөліктері.Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен және оттегіннен тұрады,белоктар аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен, нуклейн қышқылдары азот пен фосфордан тұрады. Сонымен, осы алты элемент тірі материаның басты элементтері. Клеткалар массасының 99% -тің құрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Мысалы, Na+, Mg2+,PO2-4, SO2-4, CL-, K+, Ca2+, CO2-3, NO-3.
Клеткадағы каттиондар мен аниондардың мөлшері клетканы қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы, клетка ішінде К+ концентрациясы өте жоғары, ал Na+ төмен. Клетканы қоршаған ортада (қанда, теңіз суында) керісінше, К+өте аз болады, ал Na+ концентрациясы біршама жоғары келеді. Клетка мен қоршаған ортада бейоргани-калық иондардың болуы клетканың дұрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық заттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыстардан басқа клетканың құрамында белоктар, нуклейн қышқылдары, көмірсулар, липидтер болады.....
Рефераттар
Толық

Кариотип

Кариотип. Жоғарыда айтылғандай, хромосоманы зерттеу кезінде клетканың экваторлық пластинкасында оларды сынауға болады, ал хромосомалардың морфологиясын, құрылымын және.....
Рефераттар
Толық