Жеңілдеудің жеңіл жолдары
Адам бойында өкпе-реніш пен ыза-кек жиналған сайын ол ауыр жүкке айнала береді. Әлдекімге деген реніш санаңда сайран сала бастаса, одан тезірек құтылған жөн. Әрине, тек тура жолмен ғана. Адам баласының көңілі кейде нәзік жіптей, ал кейде үзілмес қыл арқандай. Ішіңдегі бұйымтайыңды айтамын деп жақыныңның көңілін суытып алмау үшін не істеу керек? Бүгін біз осы жазба арқылы ішіміздегі бар ауыртпалықтан арылып, жеңілдеуге тырысайық.
1-әдіс: Суретіне қарап ұрысу
Оңашада ашуың келген адамның суретін қабырғаға іліп ап, оған ойыңа келгенін айт. Жасырма, бәрін айт. Өңменінен өтіп кететіндей сөз естіп тұрған өзі емес, жансыз суреті ғой. Қандай ренішің бар? Неге оған ашулысың? Көз алдыңда сурет емес, ол тұрғандай сөйлей бар. Ішіңдегі ашудың азулы арыстанын жайына жібер. Бәрін айтып босап қалған соң баяғы өкпе-ренішің бойыңда қайта қылт етпеу үшін біржола бәрін кешір. Ашуыңды төгіп болған соң, суретті жырт та, қоқысқа лақтыр.......

Кеңестер