Кеңестерді ұнатпайтын жандарға 7 кеңес

Біздің өміріміз белгілі бір заңдылықтарға құрылған. Бірақ кей адамдар осы заңдылықтарға бағынғысы келмейді. Оларға өзгелердің де кеңесі ұнай бермейді, оларға біз мынадай кеңес бере аламыз. Ешқашан ойға келмеген тың идеяларды ойлап көріңіз, оның жүзеге асуын да қадағалаңыз, ойыңызды шындыққа айналдырыңыз.

1. Жұмысты бағындыру

Біреулер таңнан кешке дейін отырып жұмыс жасайды, біреулері пернетақта алдында ұйықтап кетеді, енді бірі жұмыс уақытының 99%-ын бос уақытпен өткізеді де, соңғы 1%-ында бір күндік тірлігін бітіріп тастайды. Кей адамдар жұмыс уақытын белгілі бір кестемен өткізсе, кейбірі бар тірлігін таймермен есептейді. Сіз де өз жұмысыңызды өзіңізге икемдеп алыңыз, ересек адам қалай және қандай жұмыс жасайтынын өзі шешеді.......
Кеңестер
Толық

Жігітпен танысу амалдары

"Ер жігітпен танысу - тәрбиелі қыздардың ісі емес". Көпшіліктің ойынша, жігіттің өзі алғаш қадам жасау керек. Алайда ұнатқан жігіт "тежегішін" қосса, ал сіз оны қатты ұнатып, мүмкіндікті жібергіңіз келмесе ше? Көңілін аудару үшін оның алдында ойнап-секіру керек пе? Оны еркін, көңілді әңгімеге қалай көндірсе болады? Кеңестерді оқи отырыңыз.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде 5 кеңес

Менен соңғы кезде не сатып алу керек, қайда салу керек және т.б бойынша жиі кеңес сұрай бастады. Барлығына бірақ жауап беруді шештім. Менің 11 жылдық биржалық, 8 жылдық банктік және 23 жылдық бизнестегі шынайы тәжірибемді, жалпы барлық саладағы тәжірибемді ескере отырып, дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі бойынша келесі кеңестерді беремін:

1. Дағдарыс кезінде дұрыс ойлай білетіндердің акциялары ерекше өседі. Дұрыс ойлау арқылы дүрбелеңге ермеңіз, сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Дұрыс ойлай білудің көзі – табиғат, кітаптар, мақалдар, ертегілер, ұлттық дәстүрлер, үлкендердің ақылы және басқалар.

2. Әлсіздікке қарсылардың акциялары бірден өседі. Әлсіздікке қарсылығыңызды күшейтіңіз. Бұл түсінікті Нассим Николас Талеб «Әлсіздікке қарсылық» кітабында.....
Бизнес және қаржы
Толық