География | Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама

Евразияның Голарктика және Палеотропика флоралық әлемі ауқымындағы жағдайы материктің солтүстік және оңтустік бөліктері флораларының қалыптасуы тарихындағы айырмашылықтарды, бір жағынан флораның бүкіл кайнозой бойы үздіксіз дамуын және материктің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аралдарындағы тропиктік сипатын, ал екінші жағынан климат жағдайларынын, күрт өзгерістеріне байланысты солтүстік бөліктің флорасының біршама жастығын және оның күрделі генезисін көрсетеді.
Евразияның голарктикалық флорасынын құрамында осы территорияда мұз жамылғысының пайда болуына әкеліп соққан жаппай суық түскенге дейін, кайнозойдын алғашқы жартысында қалыптасқан ежелгі жылу сүйгіш орман флораларының элементтері бар. Бұл флоралардың элементтері негізінен екі мұхит — Атлант және Тынық мұхиттары жағалауларындағы секторларда сақталған: Материктің ішкі аудандарының флорасы мен жер бетін топырақ, өсімдік жамылғысының қалыптасуы үшін материктің оңтүстігіндегі тау жүйелерінің неотектоникалық көтерілуіне байланысты күн суытуының және одан соңғы климат құрғауының үлкен мәні болды.
Ішкі аудандар релъефі мен климатының шұғыл өзгерістеріне байланысты флора қалыптасуының мұхит маңайындағы орталықтары бір-бірінен орасан зор құрғақ кеністіктермен бөлініп қалып, каинозойдың екінші жартысында бір-біріне байланыссыз дамыды. Евразия мен Африканың тропиктік аудандарымен алмасуды материктің батыс секторында теңіздер, ал оның ішкі бөліктерінде ау-мақты шөлді кеңістіктер қиындатып жіберді. Шығыс мұхит пен шектес секторда Голарктика мен Палеотропик арасында флоралық элементтер алмасуы жүріп жатты ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Қонақ үй кешенінің даму переспективалары

Мемлекеттің бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, өзіндік ерекше мәдениет, саяси тұрақтылық сияқты факторлар Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығының дамуына жағдайлар туғызады.
Қонақжайлылық индустриясы – қонақжайлылық принциптеріне сүйенетін қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерлік саласы болып табылады. Ол қонақтарды күту мен қызмет көрсетумен байланысты қызмет көрсету нарығында маманданатын кәсіпкерліктің әртүрлі формаларына жалпы ортақ түсінік болып табылады. Айта кету керек, бұл саланың барлық іс-әрекетін қамтитын нақты бір термин жоқ. Бірақ қоғамдық тамақтандыру, орналастыру, көлік (тасымал) және демалыс (рекреация) сияқты негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады.
Біздің еліміздегі қонақжайлық сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиет немесе салт-дәстүр деп айтуға болады. Қазақ халқы үйіне келген қонақты қарсы алып, барын дасатарханға қойып, шығарып салатын. Сол тәрбие, өнеге біздің халқымыздың қанына сіңіп, жылдан-жылға ұрпақтар арқылы беріліп келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы
5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады.
Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады.
Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақстанның білім мәселесі кешесі бүгіні болашағы

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
Рефераттар
Толық

Танымайсың сен мені

Танымайсың сен мені, мен де сені,
Сен көрген жан емеспін мен кешегі.
Айнадағы түрді емес ішті білсе
Маған ешкім көңілін бөлмес еді.

Жан емеспін шошыйтын пенде біткен,
Әйтсе де қатем де бар пенделіктен.
Топ ішінде көрініп....
Өлеңдер
Толық

Үйлену тойында үндінің ұлттық киімін киген қазақ жастары желіні шулатты (фото)

Кешелі бері желіні шулатқан үндіше өткен қазақ тойының тағы бір видеосы пайда болды. Тойға қонақтар ғана емес, қалыңдық пен күйеужігіт те үндіше киініп келген. Сонымен бірге мұндай айтулы шара үнді әнінің сүйемелдеуімен өткен деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Менің Қазақстаным

Менің туып, өскен жерім, елім-Қазақстан. Мен осы елде өмір сүріп жатқаныма шүкіршілік деймін. Қазақстанның табиғаты өте кереметі екен сөзсіз! Көптеген шет елде жүрген қазақтарымыз өз елін сағынады. Мен былтырғы жылда төрт мемлекетке барып келдім. Франция, Германия, Голландия және Бельгия. Сол кезде туған жерімді сағынғаным.....
Шығармалар
Толық

Егемен елдің еңсесі биік!

Менің Отаным - экономикасын, мәдениетін, ғылымын, зияттылығын, демократиясын, құқығын, дамуының мақсатын биік шыңдарға жеткізуге ұмтылған және осы ұмтылысын дүние жүзі таныған және мойындаған ұлы кемеңгерлер мен батырлар құрған мемлекет –Қазақстан.

Төрт мұхиттың арғы жағында Қазақстан - жері кең байтақ,халқы бауырмашыл....
Шығармалар
Толық