file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Кенен Әзірбаев (Жамбылды қонаққа шақыру)

[quote]Қордай мен Красногор қатар жатқан,
Ол кезде қосылған жоқ әр тараптан.
«Жамбылды алып кел» деп екі аудан ел
Жұмсады сонда мені (емес мақтан).
Райком Степанов машинасын
Берген соң ерінейін енді несін.
Шофері қара жолмен бұрқыратып,
Болғанда жетіп бардық кіші бесін.
Жамбылға сәлемдесіп құрмет етіп,
Көрген соң алтын жүзін қолын тұтып,
Отар да шақыра кеп отыр екен,
Отарды алсақ дедік сөзбен ұтып.......[quote]
Өлеңдер
Толық