Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)

2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей) ......
Кеңестер
Толық

Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

✅ 1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)

✅ 2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей)......
Кеңестер
Толық

Медицина | Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген. Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленуші өлімі келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі), ерекше сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Ұйқы келтіретін дәрі

Боранбай жатар алдында қалтасынан ішінде тары дәніндей түйір - түйір сарғыш бірдеңелер бар титімдей жұмыр флакон алып қарап отыр еді.

— Жаке, бұл немене? — деп, әуесқой Ержан қасына жетіп барды.

— Ұйқы келтіретін дәрі ғой балам.

— Не? Ұйқы келтіреді?

— Иә, ұйқы келтіретін дәрі.

— Қайтып келтіреді?

— Ұйықтар алдында осынын екі-үш түйірін жұтатын болса, адам қатып ұйықтап қалады.

— Сонан соң оянбай ма?

— Неге оянбасын, таңертең әдеттегідей қалпымен оянады.

Ержан қызығып, осындай да дәрі болады екен-ау деп, қайран қалды.

— Дәрігер берді. Соңғы күндері мазасыз ұйықтайтын болып жүргенім. Енді біраз күн осыны ішіп көрейін деп отырмын.

— Жаке, маған да біреуін берші, — деп өтінді Ержан.

— Оны қайтесің?

— Мен де жұтып көрейін.

— Мұның саған не керегі бар? Онсыз да төсекке басың тиер-тиместен қор ете қаласың.

— Жәкетай, біреуін ғана! — деп, Ержанның ынтызары арта түсті.

Борекең ұлының меселін қайтармайтын көңілшек адам.

— Мә, жұтсаң жұта ғой, — деп Ержанға ол дәрінің бір түйірін берді.

Ержан әкесінен аса бір қымбат зат сыйлыққа алғандай қуанды. Рақмет айтты да, жүгіре шығып, әжесінің бөлмесіне барды. Әжесі екеуі осы бөлмеде ұйықтайды.

— Әжетай, төсек салып бере қойыңызшы, мен кәзір мына дәріні жейін де қатып ұйықтап қалайын.

— О неғылған дәрі?

— Ұйқы келтіретін дәрі. Жәкем берді.

* * * .....
Әңгімелер
Толық

Бөдененің құйрығы неге келте

Бұл былай болған екен. Ертеде бір биік тау болыпты. Ол таудан ары қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ шамалары келмепті.
Бүркіттің атақтысы келіпті, аса алмапты.
Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты.......
Ертегілер
Толық

Тіс емдетемін деп миллионға жуық ақшасынан "қағылған" астаналық тұрғын жанайқайын жеткізді

Астанадағы тіс емдейтін клиникалардың біріне барып, 1 миллионға жуық қаражат жұмсаған тұрғын қызмет сапасы сын көтермейтінін айтып, жанайқайын жеткізді. NUR.KZ редакциясына хабарласқан тұрғынның айтуынша, клиника дәрігерлері тісіне зақым келтіріп қана қоймай, ем-домға кеткен қаражатты қайтарудан да бас тартып отыр екен.
Жаңалықтар
Толық

Жалған лотерея “ойнатқан” Динара Сәтжан ел алдында масқара болды (видео)

Желіде танымал тележүргізуші әрі “Қазақстан” арнасы басшысының кеңесшісі Динара Сәтжанның лотерея ойынын жүргізіп тұрған видеосы қып-қызыл дауға себеп болды. Себебі ел ұтыстың әділ ойнатылғанына күмән келтіріп қалды.
Жаңалықтар
Толық

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Жаңалықтар
Толық

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы


Тәрбие сағаттың тақырыбы: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Тәрбие сағаттың мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту
Оқушыларға өз жүрген орталарынд мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық