Бір дәруіш ұзақ жол жүріп бір ауылға келеді. Алдынан шыққандардан қонақтайтын мекен сұрайды. Сонда ауылдықтар Садық деген байға баруын айтады. Дәруіш келе жатып, бірнеше ауылдарға жолығады. Олардың сөздерінен сол жердің ең бай адамы Садық және одан кейінгі бай....
1961 жылы Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде дамысы мен байлығы тұрғысынан артынан санағанда екінші орында болды. Ол кезде оларда байлық та, ақша да болған жоқ, елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрған болатын. Сол кезде олардың шамасы...
Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.
− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.
− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.
− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:
− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.....
Ертеде бір кедей болыпты. Үлкен баласының аты Әшкен, ортаншы баласының аты Мүшкен, кіші баласының аты Жұмакелді екен. Үйінде отырып, күнелте алмайтын болған соң, үш бала әкесінен рұқсат алып, алыс жерден кәсіп іздеуге шықпақшы болыпты. Сонымен, кедейдің үш баласы кірлерін жуғызып, бір қоржын малта алып, жүріп кетеді. Бұлар ұзын жолға түскен кезде артынан әкесі айқай салып, шақырады.
—Тоқтаңдар, әкеміз шақырады, тосайық,—дейді Әшкен. Балалары тоқтап тұрып, әкесін тосып алады.
—Қарақтарым, жолдарың болсын! Осы кетіп бара жатқан жақтан қопа кездессе қонбаңдар, түстенбеңдер. Онан әрі өте бергенде, жалғыз мола кездеседі, оған қонбаңдар да, түстенбеңдер де. Онан өтсеңдер, бір көп мола кездеседі, оған да қонбаңдар да, түстенбеңдер де... Ал енді, қош, аман болыңдар!—деп, шал қайтып кетті.
Балалар жүріп келеді. Айлардан ай өтіп, күндерден күн өтті. Тек мойындары ырғайдай, биттері торғайдай болғанда, кіші бесін кезінде бір қалың қопа қамысқа жетті. «Әкеміздің айтқаны бар, қонбайық, қопадан шыға қонайық»,—десті де жүріп кетті. Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді, қопа бітетін емес, күн батып, қас қарайып, түн болды.....
Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі. Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды....
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік- саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіштері ретінде табыс, шығын тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік негізінен әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырылады, яғни кедейлікті анықтаудың объективтік параметрлеріне көп көңіл бөлінеді. Кедейлік дегеніміз- салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы. Кедейшілік- тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігінің ең төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану- физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады. Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады. Бұл факторлар адамның мәдени келбетінің, өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъективтік факторлармен де анықталады. Кедейлер экономикалық тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз. Кедейлік тек экономикалық құбылыс емес, кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдақтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап. Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен не мамандығы жоқ. Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінде сипатталады. Кедейлік – тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кедейлік- жоғары емес, не өте төмен материалдық табыс. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төменгі деңгейдегі табыс табушылар.....
Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық, әлеуметтік-саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіші ретінде табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім. Кедейлік дегеніміз салауатты өмір сүруді қолдауға қажетті материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы. Кедейшілік – тұрғындардың немесе отбасылардыңбелгілі бір бөлігінің ең төменгі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану-физиологиялық, материалдық жіне рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады. Кедейлік- адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар,адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен , оның кедейлік туралы субъективті түсініктерімен анықталады. Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес. Кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап- әлеуметтік баспалдықтың ең төменгі баспасында тұрған төменгі тап Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен, не мамандығы жоқ. Кедейлік бірінші кезекте экономикалық құбылыс ретінле сипатталады. Кедейлік- тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кез келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төмен деңгейдегі табыс табушылар. Кедейлік бүгінде адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің ушығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік құрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуынаалып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1, 3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арақатынасы 30 :1-ден 61: 1 дейін өсті. Кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі көзқарасты бөліп көрсетуге болады: 1. кедейлікті табыс негізінде түсіну- кедейлік мәселесін тар ауқымды түсіну. Адамның табысы анықталған деңгейден төмен болса, оны кедейлер қатарына жатқызады. 2. Кедейлікті негізгі сұраныстар деңгейінен түсіну- кедейлік мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның сұранысын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төменгі деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғы шарттардан тыс қалуы ретінде қабылданады. 3. Кедейлікті адамның потенциалдарының даму мүмкіншіліктері тұрғысында түсіну- адамның негізгі мүмкіндіктері мен таңдауының жоқтығын көрсетеді. Оған : салауатты және ұзақ өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға, басқа да әлеуметтік- мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда да шектеулі.....