Сатиралық ертегі: Екі қарақшының бас қосуы

Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы.
– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты.
Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Момынбай менен Жеті қарақшылардың хикаясы

Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен.
Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды.
– Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі.
Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады.
Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Ертегілер
Толық

Прокариот пен эукариот жасушалардың қызметі мен құрылысының ерекшеліктері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Клеткалық биология
Сабақ тақырыбы: Прокариот пен эукариот жасушалардың қызметі мен құрылысының ерекшеліктері
Осы сабақта жететін оқу мақсаттары (оқу бағдарламаға сілтеме): Прокариот пен эукариот жасушалардың қызметін және құрылысының ерекшеліктерін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар істей алады:
прокариот жасушалардың қызметін және құрылысының ерекшеліктерін білу
эукариот жасушалардың қызметін және құрылысының ерекшеліктерін білу
прокариот пен эукариот жасушалардың қызметін және құрылысының ерекшеліктерін салыстыру........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология:
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология:
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қарабай батыр

Ертеде Қарабай деген батыр болыпты. Өзі атқан оғы жерге түспейтін мерген де сияқты. Қысы-жазы жапан кезіп, аң аулаумен болады екен. Бір күні аңнан қайтып, үйіне таяп қалғанда, сол жердегі бір құдықтың маңынан екі көзі тостағандай, екі құлағы тебінгідей бір қара дию кезігіп, екеуі алыса кетіпті. Неше күн, неше түн алысып, әрең дегенде Қарабай диюды жеңіп, құдыққа тастайды да, қақпағын жауып, қазандай таспен бастырып тастапты. Қарабайдың үйінде шешесі мен қарындасы ғана бар екен. Қарабай оларға «Мен жоқта анау құдықтың қасына барушы болмаңдар»—деп тапсырыпты да тағы да аңға кетіпті. Шешесі мен қарындасы құдықтың маңына бармауға уәде берсе де көңілдерінде «Соның ішінде не бар екен, бір көрсек?» деген ынтық түсіпті. Сонымен Қарабай аттанып кеткен соң барып қазандай тақтайды аударып, қақпақты ашса, құдықтың ішіндегі дию: «Мені шығарып алыңдар! Байы жоққа бай боламын, байы барға ашына боламын», – деп жалбарыныпты. Жапан даладағы жалғыз үйде іші пысып жүрген қыз бен қатын мұны естіп қуанып кетеді де диюды арқан тастап шығарып алып, көңіл қосып, мауқын басып жүріпті. Бір күні дию: «Бүйтіп бұғып өткізген өмірден мезі болдым. Абзалы Қарабайды өлтіріңдер. Сонан соң емін-еркін күн өткізейін»,—депті.

«Батыр-ау, сіздің шамаңыз жетпегенде біз қайтіп өлтіреміз?»,—депті қыз бен қатын сасқалақтап.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қаратай

Ерте заманда үш ағайынды жігіт болыпты: үлкенінің аты—Сарытай, ортаншысы—Торытай, ең кішісі—Қаратай.

Жігіттер аң аулаумен кәсіп етіпті. Әр күнде кішісі аңға шығып аң аулады, үлкен Сарытай үйде қалып аңшыларға ас даярлаушы еді.

Бір уақытта Сарытай үйде отырып ет пісіріп отырса, даладан бір зор дауыс естілді. Сарытай қорыққанынан жалма-жан орнынан тұра келіп, далаға шықты, далада ол не көрді? Сақалы қырық тұтам, бойы бармақтай, түсі суық адамды көріп қорыққанынан өле жаздады.

Құдайдың кем жасаған байғұсы Сарытайға қатты ақырды, һәм оған бұйырды: «Мені аттан түсіріп ал!»—деп. Сарытай есі шығып кетіп, қорыққанынан шалға жетіп келіп атынан түсіп, һәм үйге әкелді. Үйде ет ошақ үстінде тұр еді.

Ергежейлі шал Сарытайға: «ет бер»,—деп бұйырды. Байғұс Сарытай оның барша бұйырғанын орнына келтіре бастады. Қазаннан етті түсіріп алып, шақырмаған қонағының алдына қойды.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Майлықарашаның ертегісі

Ертеде бір бай бар екен. Ол байдың үш баласы бар екен. Үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ екен. Ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп жолға шықты. Майлықараша айтты: «Ай, ағалар, мен бірге барамын». Ағалары айтты: «Жарайды, жүрсең жүр»,—деді. Үшеуі ата-шешесіменен амандасып кетті. Келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбінде қонды. Үшеуі жатты. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым ортадарыңа жатқыз,—деді,—Мен қорқамын»,—деді. Екі ағасы жатқызады. Майлықараша үш күн, үш түн ұйықтайды екен. Екі ағасы қастық қылып бір үйдей тасқа байлап кетті. Ұйқысы қанды. Майлықараша оянды. Білді, екі ағасының қастық қылып байлап кеткенін. Біліп, тасты көтеріп, екі ағасына алып келді. Екі ағасы айтты: «Мұны не қыласың?»—деді. Майлықараша айтты: «Шешемнің ұршығының басы жоқ еді, соған бас қыламын»,—деді. Екі ағасы шешіп тастады. Тағы да келе-келе жатып бір терек түбіне келді. Үшеуі сол жерге қонды. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым, қорқамын,—деді,—Ортадарыңа жатқыз»,—деді. Екі ағасы жатқызды. Тағы да ол терекке байлап кетті. Үш күннен соң ұйқысы қанып оянды.....
Ертегілер
Толық