На egov.kz поступает много обращений по сложности процесса подачи заявок на получение соцвыплаты 42500 тенге. Электронная цифровая подпись и доступ к компьютеру есть не у каждого.
«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды. Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп, еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті. Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Өрнегін өрген іздеп пендемін, ашып көмбеген, Жылады деп сөкпе, жұрт, иесі кетті төрдегі. Жасым тоқсанға келді, жылайын, сөксең де, халқым, Бұрынғы заман маған жоқ, арпаға бидай ексең де!
Жылқы ішінде алады алаға тоқым салады. Жылады деп сөкпе, жұрт, отырмын жетім баладай. ....
Ақ бүркей салдым басыма, Жер ортаға келген шағымда. Басымнан бағым тайғаны, Жаратқан Алла осы ма?! Арман да арман арманның, Ақ бүркей басқа салғаным. Тасып тұрған көңілім, Жасып бір шіркін қалғаның. Опасыз дүние жалған-ай, Ақ бүркей басқа салған-ай! Салмасқа бар ма амалым, Шырағым сынып қалған-ай! Құдірет басқа салған соң, Басымнан бақты алған соң. Амалым бар ма көнбеске, Ақылшым сенен қалған соң?! Ақ бүркей салып жылайын, Жылатқан соң құдайым. ....