Ашық сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері. Ашық сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту. 2) Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету. 3) Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүюге, патриот болуға шақыру. Ашық сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест парақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта, т.б.