Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын 30 млн теңгеге бағаланды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде "Прайм-Плаза" ойын сауық орталығына келтірілген шығын 30 миллион теңгеге бағалануда, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына маркетинг бөлімнің басшысы Юлия Мачулан.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі

Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.

"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев

Жаңалықтар
Толық

Cалымшылардың жиған-терген ақшасының біраз бөлігі жоғалып кетуі мүмкін

Зейнетақы қорлары бір қолға шоғырланса, салымшылардың жиған-терген ақшасының біраз бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Еліміздің Зейнетақы қорлары қауымдастығының басшысы Айдар Әлібаев осыған алаңдаулы.
Жаңалықтар
Толық

Шымкент қаласы

ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше....
Шығармалар
Толық

Семей қаласы

Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семей қаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан....
Шығармалар
Толық

Алтай тауы

Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.
Шығармалар
Толық