Қазақ әдебиеті | Хименко Андрей Максимович

Хименко Андрей Максимович (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы - 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, «Союзпечать» агенттігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың қазан айында шақырылып, майданға 1942 жылдың ақпан айында келді. Ол Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, З-Украина, 1-Беларусь майдандарында болды, Холм қаласы (Ресей, Новгород облысы) үшін болған ұрысқа және 1942 жылы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Анфилофий Петрович Шилков

Анфилофий Петрович Шилков (14.3.1917, Ресей, Түмен облысы Исет ауданы Турушево селосы - 1990, Екатеринбург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, батарея командиpi. Орыс. Қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1938 жылы және 1941 жылдан әскери борышын өтеген. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы кақтығысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпан айында келді. 624-жаяу әскер полкінің .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Арал батыр

Арал батыр (18 ғ.) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай би Балпашұлының інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының "Сабалақ” дастанында суреттелген. Ол Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Аралбай

Аралбай (1712, Жаркент өңірі — 1752, Шу бойы)[1] — қазақ-қалмақ соғысының батыры, елші. Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Хангелді батырлардың үзеңгілесі. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың орыс бодандығын қабылдайтыны жөнінде Әбілқайыр ханға .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Арқалық батыр

Арқалық батыр (18 ғ- дың ақыры - 19 ғасырдың басы, ҚХР, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы) - батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ Керей төресі. .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шәкіров Астанқұл

Шәкіров Астанқұл (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы - 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Асхат Өлмесұлы Шойынбаев

Асхат Өлмесұлы Шойынбаев (10.6.1959 жылы туылған, Алматы қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1991) бітірген. 1980-93 жылы мотоатқыштар взводы, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | АТАН Мәмбетұлы

АТАН Мәмбетұлы (т. — ө.ж. б., Ерейментау ауданы) — қазақ батыры. Орта жүздің Қанжығалы, арғын руынан шыққан. 18 ғ-да өмір сүрген. Бөгенбай батырдың кеңесшісі .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов

Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов (8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ. 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай

Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 ж. аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері. 1992 ж. Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 ж. күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.[1]

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің көптеген шығармаларына арқау болған. 1914 ж. Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. .....
Рефераттар
Толық