Қадыр Мырза Али (Жұбату)

Мен отырмын сөзіңе құлақ түріп,
Ал сен болсаң бөркіңді лақтырып,
"Үш ұлың бар,
Сен мені түсінбейсің!
Түсінбейсің!" - дейсің, дос,
Жылап тұрып.
Түсінемін,
Түгелдей ғалам көшіп,
Бара жатқан сияқты қараң да өшіп.
Тұяқсыздың халін мен жақсы білем,
Жақсы білем,
Әйткенмен амал нешік! .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Іргетас)

Шежіреміз қию-қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,
Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!
Ерім менің!
Жерім менің шерменде.
Жырта қалсаң,
Жыр шығады көрден де!
Қырық эпос -
Қырық батыр жайында........
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Теріс тірлік)

Тауысып барлық амалды,
Күрсініп ғалым дем алды.
Мақалдың кебі сотталды,
Эпостың көбі қамалды.
Күресіп өлген хандармен,
Хандарға жақын жандармен...
Қалдық та бардық Бір ғана
Қарақасқа атты Қамбармен!
Сақалын сипап шалдарым,
Колхозға берді малдарын. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Өлеңдер
Толық

Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру [Қазақ осы] - Қадыр Мырза Әли (+ видео)

Е-е-ей!
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы....

Өлеңдер
Толық

Қазақ әдебиеті | Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран" өлеңі (7 сынып)

Ашық сабақтың тақырыбы : Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран» өлеңі
Ашық сабақтың мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
Ашық сабақ міндеті:
1.Баллада туралы білім беру,Өлеңмазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту.оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың
асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Ашық сабақтар
Толық

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев (1935 - 2011)

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза-Әлі (1935 жылы туылған) – ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген (1958). 1958 – 93 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы қызметтерін атқарды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланған. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Мырзалиевтың «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене қожанасырлар» (1961), «Данышпан» (1961), «Ноян-қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964) атты кітаптары қазақ балалар.....
Рефераттар
Толық