Шынайы Махаббат

Университетте өзін мойындату үшін бойындағы талантын, жігері мен білімін аяған емес. Сосын өзі басқарып отырған тобындағы басқа қыздар сияқты ешқашан көз жасына ерік беріп, сәл нәрсеге жас шығара бермейді. Осы табандылығы – марқұм анасынан дарыған сияқты. Мына өмірдің «жылағанды жұбатуға емес, жұдырықтауға құмар» екенін ерте түсінген балғын қыз – өз достарын қашан да сабырға, күресуге шақырудан тайған емес. Ақкөңіл, мінезі жеңіл, ақ жарқын қыз. Дегенмен тереңнен ойлайтын, өзгелерге қашан да қамқор, адал жан.
Өзіне рухани жақын, бір-бірін жақсы түсінетін досы Нұржанмен таныстығы да қызық басталған болатын. Университетке жазғы маусымда құжат тапсыру науқанымен, қалаға келген беті еді. Вокзалда теріс қарап сыныптасы Бауыржан тұр. Құлағына тосқан телефоннан тіпті қолы тиер емес. Ауылда асыр-салып, алыса кететін мінезімен Гүлзат Бауыржанның арқасына жүгіріп кеп мініп алып еді! Мұны күтпеген жігіт қызбен қоса жерге құлаған. Орнынан тұрғанда Гүлзаттың байқағаны – мына жігіт қалқан құлақ Бауыржан емес, мүлдем бөтен жігіт екен. Дегенмен түрлері нде ұқсастық бар. Сыртынан қарасаң құлақтары айнымайды екен... Ұялып екі беті алаулап кетті...
Таныстығы осылай қызық басталған екеуінің арасы кейін үлкен достыққа...дұрысы, берік махаббатқа ұласты. Гүлзат осылай ойлайтын...
Бірақ оның мына қабағында болар-болмас мұңның табы байқалады. Жаңағы құлағына жеткен жаңалық – бүкіл өмірін көз алдына алып келді. Өмірінде дәл бүгінгідей денесі түршікпеген шығар-ау. Тек туған анасының қайтыс болғанын естігенде ептеп жүрегі шымырлап, тұла-бойын осылай діріл жайлаған болатын. Өзінің жалғандағы жалғыз сенімді серігі санаған Нұржаны – Қаламқаспен жарасып, бүгінгі кешке сол қызбен баратынын естігенде, қызғаныштан жанын қоярға жер таппаған. Нұржанның бүгінгі қылығы – Гүлзатты өмірінде болмаған, байқалмаған сезімге т үсірді. Күні-бойы оқу ғимаратында бұған ләм деп тіл қатпақ түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Құрбысынан естігені мынау. Дегенмен бұл қызғанышын ішіне түйіп, кешке болатын мерекеге өз тобындағы ең момын бала Ерқанатты ертіп бармақ болды. Бірақ сұр жемпірін үстінен тастамайтын бұл жігітпен бірге бару... Әй, тәуекел!.....
Махаббат хикаялары
Толық