Қос аққудың соңғы сәті

Бір ұйықтап бір оянып кете бердім. Кешегі күнен бүгінгі күн ауырлау екенін жүрегім сезіп-ақ тұр. Әйтеуір жанымда бас тірегім, қасқағым мына жалғандағы сырласым, өзіме құрдасым, өзіме жырласым, өзіме жауым, өзіме асқар тауым, кәрі болсада мен үшін сол жастық шағында қалған жүрегім мына ақсақал бар. Әрине оңып тұрған олда жоқ, бірақ менің жанымда отырып өзін өзі жегідей жейтіні белгілі. Төсек тартып, ұл қызымның қолына қарап қалғаныма міне бес күн шамалас болып қалды. Күнімен түнімен кіріп шығып мазасызданып жүрген бірақ жан ол осы шал. Әрине оныңда ойын мен бір қарағанан-ақ түсініп аламын. Баяғыдан Алладан сұраған бір арманы бар еді осы жарым Күнімжанның алдынан өтіп кетсем арманым болмас деп. Кейде маған қарап жылапта алады, кейде тұнық ойға батып кетеді. Қолымнан ұстап айналдырып әкетіп бара жатқан ауруымды бір мезетке болсын басатын емшім осы екенін қайран жүрек осы кезде сезді. Жаным тығырыққа тіреліп, тұрсам опақ отырсам сопақ болып отырған мына менің қылықтарыма көнетін осы шалдан басқа адам жоқ. Талай нәрсені бір болып көрдік көтергенімізде болмады көтергенім ізде болды. Талай күліп талай жылап едік. Ұлдарымызды ұяға қыздарымызды қияға шығарып тәрбиені бердік. Ауырғалы бері жанымда кіші қыз жатыр. Шалымды басқа бөлмеге бөліп тастады оған төзетін біздің тарлан барма түнде қоштасып кетіп бір екі сағаттаң соң жаныма қайтып келеді сонда маған қарап.
-Айымда сен Күнімде сен
Жаным бір тербеледі күлімдесең
Жанымда сен бағымда сен
Сүймесем сені сәулем дәл бұлай сағынбас ем деп келіп жаныма отыратын қайтейін меніңде кетер уақытым жетті. Оным маған деген махаббаты менің жүрегімді жандырып сағыныш сезімі ояна бастағанын сезген едім. Осыған дейін бар сырын маған айтып бар арманын менімен бөлісіп отырған шалды жанымнан жырақтата алмадым. Кейде бұрылып оғанда қарап қоям бес күнен бері өзін өзі жеп қойған, бет-жүзінде үміт пен арманның кейпі көрініп тұр......
Махаббат хикаялары
Толық