Әкеме айтып қоймаңыз
Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, „Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті” деп құшақтап ұйықтататын.
Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: “Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?” деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.
Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: „Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез “мама” деп шақыра ғой” депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, „мама” деп құшақтай алады .....

Махаббат хикаялары