Интернеттің пайдасы мен зияны

Бүгінде интернет өмірімізге дендеп кірді. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді. Зиянды жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны, мықты тұсы мен әлсіз жақтары болады. Таңдау жасау қажет болса, мен «пайдалы» деген пікірге басымдық беремін.

Интернеттің пайдасы қандай? 1969 жылы 29 қазанда АҚШ университеттерінің бірінде «Аrpanet» байланыс желісі туралы ақпарат жария етілді. Қай кезде де байланысудың жедел түрін ойлап табу адам арманы болған: алыс қашықтықтан от жағып белгі беру, құстарды ұшырып хабар жолдау, хат жазу, телефон желісін ойлап табу – бүкіл әлемді байланыстыратын әлеуметтік желіні ойлап тапқанға дейінгі қарапайым қадамдар. Бұның негізінде біріншіден, қоғамдағы адамдардың, ойы үндес жандардың бір-бірімен байланысу мақсаты тұрды. Екіншіден, адамзат баласының уақытпен бәсекес іжәне жылдамдыққа қол жеткізу міндеттері тұрды. Үшіншіден, ғылым мен техниканың тоқтаусыз дамуы жоғары деңгейдегі байланысқа әкеліп тірейтіні даусыз еді......
Эсселер
Толық

Информатика | Интернеттің пайдалы және зиянды тұстары

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. ....
Рефераттар
Толық

Фейк

Әлеуметтік желінің құдіреті,
Қартайтады адамды жасартады.
Ғаламат дейсіңдер интернетті
Ол да бір дүние кереметі.!
Барлық адам бейім болған,
Бұл ғалам жалған болған.
Өмірдегі түрлеріне шүкір демей,
Фотошоп құрастырып масайтқан.!
Алдайды ол, расындада....
Өлеңдер
Толық

Ұялы байланысында үнемдеу кеңестері

Осыдан жиырма жыл бұрын адамдар «Желі ұстамай тұр», «Менің телефоныма ақша салшы», «Саған жаңа ғана телефонмен хат жібердім, алдың ба?» немесе «Телефонымды үйге қалдырып кетіппін, хабарласа алмадым» дегенді естісе, ақыл-есі ауысқан деп ойлауы мүмкін еді. Қазір ұялы телефонсыз өзімізді жалаңаш қалғандай сезінеміз. Почтаны тексеріп, чатқа шығып, баратын мекен-жайымыз туралы білуді смартфонсыз елестете алмаймыз.

Алайда, мұндай «ғажайып құрылғы» әрқашан арзан болмаған, қазіргі «трубкалар» да қымбат. Біз ұялы байланыс пен қосымша қызметтер мен қосымшаларына өзіміз байқамастан әжептәуір қаражат жұмсаймыз. Өзіміз бен айналамыздағы.....

Кеңестер
Толық