Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үлгісін қалыптастыру алдағы жылдардың басты бағыты болып отыр. Экономиканың негізгі секторы болып табылатын өнеркәсіпті қайта индустрияландыру оның даму үрдістерін жеделдете түсетіні белгілі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосылған кұнының үлесі 30% құрайды. Соңғы жылдары қол жеткен табыстармен катар ол жерде орын алып келе жатқан кемшіліктер де аз емес. Өнеркәсіпте шешімін таппаған мәселелер макроэкономикалық, аймақтық-салалық және қаржы аясына теріс ықпалын тигізуде. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, шикізаттық бағыттың басым болуы, толық өндірістік циклды интегралданған кешендердің аздығы, оңдеуші салаларда негізгі қорлардың тозу дәрежесінің 30-40 %-ды құрауы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым көпшілігінде икемді технологияның аздығынан нарық конъюнктурасының өзгерісіне тез бейімделе алмайтын өндірістік қуаттың 20-50% - дай ғана пайдаланылуы — өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді талап етіп отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | АҚ Каспий Нефть ТМЕ компаниясының инновациялық жобасын басқару

«Қазақстан—2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты — қоғамда ғылыми-техникалық саясаттың рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілетін арттыру деп көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамыту, басым бағыттардың бірі болып саналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми-техникалық саясаттың дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми-техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді темендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі ең кабілеттісі — ғылыми-техникалық, инновациялық өзгерістер. Бұл сала еңбекке кабілетті мәдениет пен білімді өркендететін потенциалды қамтиды. Дүниетанымы мен менталитеті қоғамға сай қабілетті адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеуде, оларды нарық заманының талаптарына жауап беретіндей етіп еңбекке үйретуде ғьлыми-техникалық саясаттың атқаратын рөлі орасан зор. Инновациялық жаңартулар арқылы қоғамның іргетасын нығайтып, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыра аламыз. Мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі болып отырған ғылыми-техникалық саясаттың қоғам мен мемлекеттегі ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Оқу үрдісінің тәжірибесінде педагогтардың жаңа оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс тәсілдерін және жаңа технологияларды енгізу проблемалары


This article discusses the problem of introduction in educational process of innovative working methods and new teaching technologies. Features of teaching in the system of training of credit technology in colleges are analysed. The author reveals the effective teaching methods in the new system of teaching.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті, сапалы, білікті маман даярлау. Осы білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадамдар көп. Дегенмен, бүгінгі күні осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттеріміздің дұрыс атқарылмауы, оқу жүйесіне енгізілуіндегі ахауылдар оқу жүйесінде үлкен проблемаларды туындап отыр.

Қарастырылып отырған мақаламызда қазіргі таңдағы оқу сапасындағы оқытушылардың кредиттік оқу жүйесіндегі инновациялық оқу әдіс – тәсілдердің және жаңа технологиялардың енгізу проблемаларын қарастырып, оларға жаңа көзқараспен талдау жасадық......
Әңгімелер
Толық

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп .Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша.......
Баяндамалар
Толық

Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыны өзіндік әрекетке дайындау мүмкіндіктері

Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Бұл
негіздеме Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жан-жақты
айқындалған: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби.......
Баяндамалар
Толық