Иманғали

Иманғали есімінің мағынасы - "Иман" араб сөзі, ол "Аллаға сену" мағынасын береді, ал "ғали" сөзінің мағынасы "асқақ, еңселі".

Есімдер мағынасы
Толық

Иманғали Тасмағамбетов Нұрғалиұлы (1956 жылы)

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.
Мұғалім Иманғалиден…
Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында.
Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұртілеу Иманғалиев Иманғалиұлы (1952 жылы)

Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы».
Білімі
1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген
Қызметтік өтілі
Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қ күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған.
Жүргізген хабарлары ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық