Тойға арналған мұсылманша тілектер топтамасы

«Тілектің ең жақсысы әдемі айтылғаны емес, қабыл болғаны», - деген екен данышпандар. Иә, «Шешен сөзден не пайда, болмаса көпке сіңімді?!» дегендей, жұрттың алдында әдемі сөйлеу бір бөлек, алайда екі жасқа шын жаны ашыған адам, ең алдымен, тілегінің қабыл болуын, олардың бақытты ғұмыр кешуін қалайтыны анық. Кейде қанша тойға барсақ та, аузымызға дұрыс сөз түспей, «Бақытты бол!» дегеннен әрі аса алмай жатамыз. Алайда, микрофон ұстап, сөз алу деген – дүйім жұртты аузыңа қарату, назарын аудару, көпшілікке де, жастарға да өнегелі, тағылымды дүниені айтып қалудың мүмкіндігін алу деген сөз. Ендеше, талай адам бас қосқан салтанатты жиында сөзден тосылып, өзгелерге қосылып қалмау үшін төмендегі бірқатар тілектердің топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Құттықтау, тілектер
Толық