file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.

Фото: golos-ameriki.ru
Фото: golos-ameriki.ru

"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.

"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.

Жаңалықтар
Толық

Курстық жұмыс (жоба): Ипотекалық несиенің даму перспективасы

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық....
Курстық жұмыстар
Толық

Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады

Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.

Жаңалықтар
Толық

Отбасы күні (Менің бақытты жанұям)

Анам мен әкемнің тоғыз балалары бар. Он жеті немерелері, үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден екеуміз. Менің туған әпкемнің аты Елнұр. Ол жиырма бір жаста. Мамандығы бойынша заңгер. Қазыр ол Әкімшілік сотында жүмыс істейді. Қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған Жанат деген....
Шығармалар
Толық

Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм

Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.
Тәрбие сағаттар
Толық

Эмиль Кенжесариевтің алаңға оралуы екіталай

Бір айға жуық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан ақтөбелік футболшы Эмиль Кенжесариев кеше есін жиды.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы орнынан қозғалып, бірінші рет өз қолымен ас ішкен. Алайда, Эмель 10-шы тамыз күні өзін аяусыз соққыға жыққан қаскөйлердің есімдерін айта алмай отыр. Есін енді жия бастаған футболшы сол күні орын алған оқиға туралы ештеңе есінде қалмағанын ишарамен түсіндірген.

Алматылық дәрігерлер Эмиьдің басынан алған жарақаты тым ауыр болуына байланысты есте сақтау қабілетінің төмендеп кеткенін, алайда бұл жағдай уақытша екенін алға тартып, науқасқа әлі де емделу керектігін айтып отыр.

Жаңалықтар
Толық