Махамбетәлиева Зере | Ел болам десең экраныңды түзе
Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын жеңілдеу мақсатында көпшілігіміз көк жәшіктің көріне қамалып қалатынымыз бар.Түрлі қызықты бағдарламалар мен телесериалдарды көргенде уақыттың қалай зымырап өткенін де аңғармай қаласың.Құдды есірткіге тәуелді адам құсап,теледидарға қалай тәуелді болып қалғанымызды өзімізде білмей жатамыз.Иә,қызығы қызық шығар.Әйтсе де,теледидар жаңалықтың жаршысы екендігін естен шығармағандығымыз абзал.Дүкеннен өзімізге керек затты алған секілді,көк жәшіктің тек пайдалы жағын ғана алуымыз қажет.Әйтпесе,қайдағы жоқ жарнамалар мен пайдасынан зияны көп бағдарламалар зығырданыңды қайнатады.Бүгінде теледидар бүкіл әлемнің,бүкіл адамзаттың күнделікті бір бөлігіне айналды.Кішкентай балақайлардан,еңкейген қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып,тамашалайды.Әрбір үйдің төрінен ойып тұрып орын алатын көгілдір экранның бейнесі жарқ-жұрқ еткен сәулелерімен дүйім жұртты қызықтырары анық.Бірақ,сол қызыққа (құмар ойынға құмартқан ағаларымыз секілді) әйтеуір алып-ұшып құмартамызда тұрамыз.Ол не пәлекет десеңші!?
.....
Әңгімелер