Бүгін Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның құрамына енді. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жолдады.
Қазақстанда Start-up жобаларды қолдау қоры пайда болады. Қорды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрады. Бұл туралы «АЛМЭКС» Холдингілік тобы» АҚ Басқарма Төрағасы Мәжит Есенбаев баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.
«Біз start-up жобаларды қолдау жөніндегі қор қалыптастырмақшымыз. Жиынтықтап алғанда бұл қор шамамен 10 миллион доллар болмақшы. Өздерінің арынды идея-тілектері бар, алайда оларды жүзеге асыратын қаражаты жоқ жастарды қолдағымыз келеді. Мұндай қаражат болады, және ол қаражатты жастарға беруге дайынбыз», – деп мәлімдеді Мәжит Есенбаев.....
2013 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Елбасы отырысқа қатысушылар алдында Кәсіпкерлер кеңесінің осы отырысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жарияланғаннан кейінгі алғаш рет өтіп отырғанын атап өтті.
- Біз алдымызға әлемнің экономикасы барынша дамыған отыз елінің қатарына қосылу жөнінде ауқымды мақсат қойдық. Қуатты экономика – кәсіпкерліктің қуаттылығы, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің.....