Экономика | Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі

Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыруды мақсат тұтады.
Курстық жұмыстың міндеті: Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
- жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Speed Master-102 басу машинасындағы офсеттік цилиндрінің күрделі жөндеуінің технологиялық процесі

КІРІСПЕ
Республикамыздың ірі полиграфия кәсіпорындарында технологиялық жабдықтар жоспарлы түрде техникалық күту, жөндеудің арқасында тиісті дәрежедегі жұмысқа жарамдылығын өзіндік пайдалану көрсеткіштерін, қажетті режимдерде жұмыс істеу қабілетін, беріктігін сақтап келеді. Полиграфия машиналары мен жабдықтарының бұл қасиеттерін оларды орнату, пайдалану барысында қажетті техникалық күту және жөндеудің көп компонентті технологиялық жүйесі қамтамасыз етеді. Полиграфия өндірісі жабдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін оларды қолдану және жөндеу жұмыстары жүйесін нақтылы ұйымдастыру қажет.
Полиграфия жабдықтары машина жасау өндірісінің ұзақ мерзімді пайдалану өнімдері қатарына жатады. Олардың техникалық жай күйі ЖАЖ жүйесінің әсерімен қалпында сақталып немесе қалпына келтіріліп отырады. Диплом алдындағы өндірістік практика кезінде Speedmaster SM-102 басу машинасының жұмыс істеу кезеңдерін көрдім. Полиграфиялық баспа экономикалық және жоғары сапалы басуды талап етеді, Speedmaster SM 102- басу машинасы осы мінездеменің барлығы, бір машинада қарастырылады. Speedmaster SM 102 басу машинасы екі жағынан басу және жоғары жылдамдықта сапалы басуға ие.Speedmaster SM 102-сыналған екі жақты басу машинасы,болашаққа жасау мақсатында және жоғары жылдамдықпен сапалы басуды қамтамасыз етеді. Басты операция Plus, бұл машина жоғары тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Алдын ала кеңею функциясын уақытын дайындау ең төменгі дәрежеге дейін. Басу машинасын толық автоматтандыруды жасау ерекше экономикалық әсеріне байланысты. Speedmaster SM 102- жоғары өнімділікті соның ішінде, басқару пулті Prinect Press Center керемет эксплутатциялық сипаттамаға ие. Басу машинасының интеграциясы сандық жұмыста содан соң азаю уақытына және барлығы тапсырманың қысқарту мерзімін жасайды. Тұтынушының қажеттілігі үшін үлкен таңдау қарастырылған. Машинамен қоса бұл класқа 2-ден 12 басу секциясы және лакировалдық секция, сатып алушылардың сұранысы бойынша кіреді. Бастапқы жұмыс аймағы Heidelberg компаниялық басуды ұсынады, Speedmaster SM 102-басу машинасы Preset самонакладымен жабдықталған. Prinect Press Center Compact басқару пулті бар. Барлық сатып алушылардың талаптарына сай келеді. Speedmaster SM 102- басу машинасы толықтай автоматтандырылған Preset Plus жоғары эффектілік самонакладымен және Preset Plus қабылдағыш аймағы жақсы шешім болып саналады. Рулонды- табақты система CutStar берілісі қымбат емес рулонды материалды қолдануға мүмкіндік береді.
Heidelberg компаниясы экологиялық қауіпсіз басуда көшбасшы болып табылады. Экологиялық таза полиграфиялық жабдықтар, Heidelberg фирмасы тұтынушыларға экологиялық қауіпсіз өнімді және ертінділерді ұсыну осы фирманың корпаративті мақсаты болып табылады. Қоршаған ортаны күзету сұрақтары бойынша Heidelberg Print Media Academy бағдарламасында маңызды орын алады. Speedmaster SM 102-басу машинасы денсаулық сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған “Шаң сұрақтарына” байланысты сынақтан өтті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Қазіргі ауыл шаруашылығында ауыл кәсіпкерлерінің қолындағы техниканы меңгерудің өзі жоғары білімді, тәжірибелі мамандарды талап етеді, өйткені оны шебер, озық тәжірибелі жоғары іскерлікпен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплектерге бар күш-қуатын жұмсай алмақ. Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құралы болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз.\
Оқыту-біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Сондықтан арнайы пәндерді оқытудың құрылымды бөліктері бұл процестің барлық негізгі заңдылықтарына сай келуі тиіс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Үй жөндеу жөнінде кеңестер

Үй жөндеу кезінде, қалай айнаны жөндеу, кафель жапсыру, жиһаз қозғалту тағы басқа сияқты әрекет кезінде уақытыңызды үнемдеп, жұмысыңызды жеңілдететін бірнеше нұсқаулар мен кеңестер келтірейік.

Кілем ілу
Бетон қабырғаны тескілеп әлектенетініміз бар. Сонда да ұстамай, кілемнің түсе беретінін қайтесіз. Қабырғаны да жырым-жырым қыласыз. Кілем ілудің тиімді әдісі – қармақшаларды текстил матаға тігіп, матаны бетонға ПВА желімімен желімдейді. Бұл істі атқарарда тұсқағаздың жоғарғы жағын сәл қопсытып көтеріп алады да, кілем ілінген соң, қайтада.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық