Жұмағали Саин (Толқын)

Толқын жаңа өмірдің,
Тілеген шын тілегі.
Толқын істі қайнатып,
Қыздыра да біледі.
«Қара Қаншық» қыңсылап,
Толқынға қарап үреді.
Түнеріп толқын ағындап,
Жалтартпай жауын бүреді.
Түн көрпесін дал-дал ғып,
Әлемнен толқын түреді.
Тасады тасқын көпіріп,
Күңіренеді, күледі.
Алған беттен бір қайтпай,
Толқын алға басады.......
Өлеңдер
Толық