Жұмағали Саин (Лагерь жыры)

(Орыстың «Нас побить хотели» деген - әнімен)

Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Орман таудың арасында,
Көрінді әне, ақ шатыр,
(Онда қызыл ту ұстаған,
Біз пионер — жас батыр.
Жалындасын жас жігерлер,
Бойда қайнап — күш-қуат,
Біздің заман сонша қызық,
Біздің тұрмыс рахат.......
Өлеңдер
Толық