Жұмағали Саин (Бақыт)

Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.
Күні күміс көгінде,
Нұры балқып төгіле,
Шыжып ыстық қайнаған,
Уақыт еді, түскі кез.
Келеді күліп ойын сап,
Жетегінде «арғымақ»
Кейде тоқтап атына,
Күбірлейді сөйлеп сөз.
Күбірлейді, күледі,
Күледі де жүреді.
Жетегінде жүгенді,
Жүйрігі желі арғымақ.......
Өлеңдер
Толық