Жұмағали Саин (Аққу әні)
Қиясына шығып Кемер тауының,
Аққу әнін тыңдадың ба, бауырым?
Тыңдадың ба, күй сазына қандың ба!
Аққу болып өзің де әнге салдың ба!
Қос қанатын көкте баппен сабалап
Көлге қонбай ұшты ма аққу жағалап?
Сонда аспаннан төгілді ме сұлу ән,
Сонда саған жыр келді ме аққудан?....
Аққу әнін тыңдадың ба, бауырым?
Тыңдадың ба, күй сазына қандың ба!
Аққу болып өзің де әнге салдың ба!
Қос қанатын көкте баппен сабалап
Көлге қонбай ұшты ма аққу жағалап?
Сонда аспаннан төгілді ме сұлу ән,
Сонда саған жыр келді ме аққудан?....
Өлеңдер