Әне-міне дегенше он екі айдың сұлтаны - Рамазан да келіп қалады. Бұл айда күннің аптабына, жұмыстың қаптауына қарамастан біршамамыз ауыз бекітіп, Алла алдындағы парызымызды өтеуге кірісеміз.
Жаратушы Иеміз бір істі құлдарына парыз етсе, онда ол нәрседе пенде үшін қос дүниеде де пайда болары сөзсіз. Ораза да осылай. Оның қасиеттері, шарапаты туралы, сондай-ақ, ауыз бекітушінің шексіз сауаптарға.....
Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер Қосайға мақтаныпты: - Арғынның Ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, - деп. - Сені қойнына алмайды, - деп Ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті. Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған-тергенін сартың.....
Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондайақ, бір стақан сәл жылытылған.....
✅ Жүктілікке дейінгі сымбатыңыздың ізім-қайым жоғалғанын аңғардыңыз ба? Артық салмақ өз алдына, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кеткенін байқадыңыз ба? Онда тез арада қимылдау қажет. Мұның бәрін ағзаңыздың дабыл белгісі деп қабылдаңыз. Өйткені, жыл бойы сізге қажетті дәрумендерге сәбиіңіз ортақтасқандықтан.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Мұсылман дәрігерлері: «Егер адам-дар хельбаның қаншалықты пайдасы бар екенін білгенде, оны алтынның құнындай бағамен сатып алар еді», – деген. Ағылшын ғалымы Клебер: «Егер де таразының бір жағына барлық дәрі-дәрмектерді қойып, екінші жағына хельбаны қойсақ, таразының екі жағы тең болар еді», – деп айтқан. Ендеше, хельба деген қандай шипалы өсімдік? Соған назар аударып көрелік. Қазақ тілінде бұл өсімдікті негізінен «бойдана» деп атайды. Хельбаның өзіндік құпия сырлары, емдік хикметтері бар. Ол соңғы уақыттары ғылыми.....
Анар жемісінің қаншалықты дәмді екенін көпшілік білетін шығар. Алайда оның бұл қасиетінен өзге денсаулыққа пайдасы да бар. Оның шырынан алу үшін 1 анар, көлемі 30х30 сантиметр болатын 4 қабатталған дәке және 15 минут қажет.
Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы жұт болып, бай қоныс аударып, жылқысын жер аударып жаяды. Қыс өтіп, жаз жақындаса да жылқысы келмейді. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.
Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір-екі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы жерлерден, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара торы биені иығына алып сала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайырылып......