Қиял-ғажайып ертегі: Хан мен жігіт

Бір байдың жалғыз баласы бар екен. Ол қалыңдық іздеп, ел аралап келе жатып, сандық теңдеген екі кісіге кез болады. Жігіт:

—Ой, туыстар, андағы сандығыңызды саптайсыздар ма?—дейді.

—Алам десең ал. Бізге астыңдағы қара жорғаңды бер де осыны ал,—дейді. Жігіт екі жолаушыға астындағы атын түсіп береді. Екі жолаушы жігітке ескертіп:

—Егер біз далдаға түспей ашатын болсаң, алдағы сандық саған баянды болмайды. Ондай болса бізге өкпелеме!—деп тапсырады да екеуі жортып жүріп кетеді. Екі жолаушы далдаға түскеннен кейін сандықты ашса, ішінен бір айдаһар шығады. Жігіт сасқанынан сандықты лақтыра сап қашады. Айдаһар жігітті қуып жетіп: «Сен менен қашушы болма, он жыл бойы мен осы шорыннан (түрмеден) шыға алмап едім. Маған жарық дүние көрсеткен саған мың мәртебе рахмет! Ал сен менімен ілесіп біздің елге барасың, мен сені әке-шешеммен таныстырам. Мен біреудің жалғыз ұлы едім»,—деп жігітті ертіп еліне келеді.
Айдаһардың елі ханының баласын тауып әкеп бергеніне қатты қуанып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп аттандырмақшы болады. Дәл осы кезде айдаһардың ханы қатты науқастанады. Ашуланба деген бақсы көріп:....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Түсін іздеген жігіт

Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Байдың қойын бағатын қойшылары да көп екен. Сол көп қойшының ішінде ақылды бір қойшы болыпты. Күндіз кешке шейін қойын жайып шаршап келіп жатқан әлгі қойшы жігіт түнде түс көріпті. Түсінде бір омырауында күн, бір омырауында ай көріпті. Ертеңінде тұрған соң түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттаныпты. Күн жүріпті, ай жүріпті. Түстің жоруын ешкім таппапты. Жүріп отырып күндердің бірінде бір қалаға кез болыпты. Түн ішінде қонуға үй іздеп келе жатса, бір үйдің жанында бір жігіт киім-кешектерін бөктеріп жүруге әзірленіп жатыр екен. «Бұл не қылған жан екен түн ішінде бүлінген» деп қасына барса, қыз екен.

—Келдің бе?—деп сұрапты әлгі қыз.

—Келдім,—депті ойында еш нәрсе жоқ жігіт.

—Онда жүрелік,—депті қыз.

«Бұл мені қайда апарар екен, байқап көрейін» деп ойлапты да:

—Болады,—депті. Екеуі жүріп кетіпті.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қасқыр мен жігіт

Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.

Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір ескі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ет, ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы шаттардан, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір шолақ жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара ту биені иығына салып ала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайрылып:....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қармақ салған жігіт

Бір жігіт бұрынғы заманда суға қармақ салып жүрді. Қармақ салып жүргенде күнінде бір балықтан артық түспейді. Бір күні қармағын салды, екі балық түсті. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Күнінде біреуден артық түсуші емес еді, маған бүгін екі балық түсті, мұны берген Құдай маған бірдеме берер»,—деді. Қармағын күнде салып жүрді. Күнінде екі балықтан түсіп жүрді. Бір күнде жігіт жатқан жерінен түрегеліп, беті-қолын жуып тұрса, қармағын салайын дегенде бір сары ит жүгіріп жігітке келді. Жігіт айтты: «Е, Құдай-ай! Қанша жылдан бері мен қармақ салып, бір балықтан алып жеп жатушы едім, енді маған, екі балық түсіп тұрғаны, біреуі иттің несібесі екен»,—деді. Бір балықты итке берді, бір балықты өзі жеді, итті жолдас қылды, екеуі жолдас болып жүрді. Екеуіне екі балықтан Құдай қанағат беріп жүрді. Сөйтіп, жүргенде екі балықтан түседі, бірін ит жейді, бірін өзі жейді.

Бір күні үш балық түсті қармағына. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Бізге Құдай тағы бір серікті берер». Күнінде үш балықтан түсті. Бірін ит жеді, бірін өзі жеді, бірін алып қояды. Ертеңіне екеуі түрегеліп, беті-қолын жуып тұрады. Бір ала мысық жүгіріп келді. «Е, Құдай-ай!»,—деді. Ит пен жігіт айтты: «Бір тәуір мысық екен»,—деді—мұны берген Құдай тағы бірдеңе берер», – деді. Түнде үшеуі жатты, ертеңіне тұрды, қармағын салды, үш балық түсті, үшеуі үш балықты жеді.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Жылан қабықты жігіт

Баяғыда бір кедей шал менен кемпір болған. Қолында мал дегеннен жалғыз есегі бар екен. Қалаға отын сатып күн көреді екен. Шал менен кемпірдің жасы алпысқа келгенше бір перзентке зар болып, күні-түні жылап жүргенде шалдың кемпірі жерік болыпты. Ол кемпір жерігенде айдаһардың құйрық жағындағы бір бөлек етіне жеріпті. Соны шалы іздеп жүрсе, бір үлкен, Қаратаудың етегінде бұрқыраған шаңды көріпті. Шал шаңға жақындаса, бір қара айдаһар мен бір сары айдаһар төбелесіп жатыр екен. Баяғы алыстан көрінген бұрқыраған шаң сол екі айдаһардың алысқан шаңы болып шықты. Көп ұзамай-ақ қара айдаһар сары айдаһарды өлтіріпті. Шал жасырынып тұрып қара айдаһар ұзап кеткесін өлген сары айдаһардың сан етінен кесіп алып үйіне келсе, кемпірі жерік асы табылмаған соң қатты ауырып жатыр екен. Шал келіп: «Ау, кемпір, сүйінші бер! Жерік асың табылды!»—депті. Аңсап жатқан кемпір орнынан ұшып тұрып, шалдың әкелген етінен шикілей екі рет аузы толғанша жепті. Жерігі қанып кемпір тоғыз ай, тоғыз күнде аман-есен босанған екен. Бірақ бала жыланға ұқсаған екен дейді. Кемпір-шал не де болса ішінен шыққан соң асырай беріпті. Қазақтағы «іштен шыққан шұбар жыланды беліңе үш орап таста» деген нақыл содан қалыпты. Бала тек жыландай иретіліп жатқаны болмаса, сөйлеген сөзі, ақылы адамнан айырмасы болмаған. Бір күні баласы әкесін қасына шақырып алып: «Әке, менің үйленетін уақытым болды. Маған осы елдің ханы Бабаханның жұрттан асқан сұлу қызы бар, соны әпер»,—дейді.....
Ертегілер
Толық

"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?

Мұхамедтің кәсібі - визажист. Ол өзгелерге ғана емес, өзіне де макияж жасайды. Орамал тағып, бетіне макияж жасап, түрлі видеоға түсіп жүрген қазақ жігіт гей ме? Оның ел алдына орамал тағып шығуының сыры неде? Отбасы, ата-анасы мен бауырлары оның бұл әрекетін қолдай ма? Оқи отырыңыз.

Желіде орамал таққан, қыздан бетер боянып, тик-ток түсіріп жүрген жігіт көпшіліктің сынына қалды. Оған қарсы пікірлер жазып, балағаттап жатқандар аз емес. Ал Мұхамедтің өзі бұған тек кәсіп деп қарайды.....
Жаңалықтар
Толық

Азамат, жігіт, ер

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Жақынды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Қарыстан сүйем жақын.

У ішсең - руыңмен.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Адасқан қаздай, руы аздай.
Мақал-мәтелдер
Толық

Депутат Дана Нұржігіт әріптестерінің жиналыстарда қалғып кетуіне не себеп екенін айтты

Сенат депутаты әрі танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт парламенттегі әріптестерінің маңызды отырыстарда не себепті қалғып кететінін түсіндірді деп жазады nur.kz "Желмая" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде көптеген депутаттармен етене жұмыс істеп жүрген Дана Нұржігіт олардың үлкен жиналыстарда қалғып кетуінің себебін ашып айтты. Тележүргізушінің сөзінше, мәселе жиында сөйлеп тұрған баяндамашыға тікелей байланысты. ...
Жаңалықтар
Толық

Жұмағали Саин (Жігіт пен қыз)

Жігітке бір күн айтты қыз,
Жұмбағым бар тапшы деп,
Жігіт айтты: «сөзіңіз —
Жұмбақсыз да жақсы»— деп,
— Жоқ, ойынды қойыңыз!
Жұмбағымды шешесіз!
Шын сөзіңді неге сіз
Бұлай қалжың етесіз!—
Жігіт күлді қарқылдап,
Серігінің сөзіме.
Шаңқай түсте жарқылдап,
Кетті ол Мұның көзіне...
Білем сенің ойыңды...
Еске салдың несіне!
Өткізерміз тойынды,
Октябрьдің кешіне......
Өлеңдер
Толық