Табиғи балды жасанды балдан ажырату

Бал – әлемдегі ең тәтті тағамдардың бірі әрі пайдасы да шаш етектен асады. Қалауын тауып қолдана білсе, көптеген ауруға шипа болады. Алайда денсаулыққа пайдасы тиюі үшін мейлінше табиғи түрін тауып таңдау қажет. Дүкенде сатылатын балдың қаптамасында көбінде «табиғи бал» деп жазылады. Ал шынтуайтында табиғи ма, жасанды ма – қалай ажыратамыз?

Қаптамасында құрамы жазылып тұрса, мына мөлшерге көңіл бөліңіз: су – 20 пайыздан артық болмауы тиіс; қант – 5 пайыздан артық емес; жалпы қышқылдық – 5 пайыздан артық емес.

Көшеде, жол бойында сататын балды алмаған дұрыс, себебі бал зиянды токсиндерді тез қабылдайды.......
Кеңестер
Толық

Шашыңызға ерте ақ түссе

✅ Қазіргі таңда ағарған шаштың алдын алуға бола ма деген сауал көп адамның көкейінде жүрген мәселе.

✅ Ертеректе ақ шаш даналықтың, ақылдылықтың белгісі деп саналып, адамдарға ақ шаш қартайған шағында пайда болатын. Ал бүгінгі таңда ақ шаш қартайған адамдарда ғана емес, жас адамдарда да пайда бола бастады. Әрине, ағарған шаштың алдын алуға болады. Ол үшін адам шашында ақ шаштың пайда болу себептерін анықтау керек. Ең алғашқы жиі кездесетін себеп, адамдар 40 жастан асқан соң шашына ақ түсе бастайды, әр адамның қартаю жасы әрқалай. Ақ шаштың пайда болуының басқа себептері: дәрумендердің жетіспеуі (әсіресе В12), күйзеліс, уайым, депрессия, қалқанша бездің ауруы, үйлесімсіздік, шылым шегу, тұқым қуалаушылық т.б. ......
Кеңестер
Толық

Қорқақ баланың қолынан не келеді

Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі. Жалпақ тілмен жаутаңкөз дейміз. «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар.
Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі:
1-Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау);
2-Алаңдау;
3-Бөтен заттардан қорқу;
4-Жалғыз қалудан қорқу;
5-Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;

Енді себептері:

1. Ата-ананың орынсыз әлпеші.
Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен. ......
Кеңестер
Толық

Әтір таңдау Жасанды әтірді анықтау

✅ Әтір таңдау тәсілдері. Қыз-келіншектерде әтірдің бірнеше түрі болуы керек. Оларды кездесулердің түріне, жыл мезгіліне, тәуліктің әр кезеңіе сай қолданады. Ал жақсы әтірдің бағасы қымбат. Сондай қымбат әтіріңіздің жасанды болып шықпауы үшін оларды сенім жерден ғана сатып алыңыз. Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраңыз.
әтір таңдау тәсілдері

✅ Алайда ондай мүмкіндік бола бермейді, ондайда өзіңіз ажыратып үйреніңіз:

✅ Қорабы
Қорабы қатты, сапалы, жазуы айқын болуы керек. Оның сыртынан жұқа целлофан оралады. Ал кейбір өндірушілер “жасанды бәсекелестерден” сақтанып целлофанмен қаптамайтын болған, ондайда картон сапасын қарай аласыз. ......
Кеңестер
Толық

Алмадан жасалатын маскалар тізбегі

Алмадан жасалатын маскалар тізбегі.
Бет терісін сымбатты ету үшін алманың пайдасы зор екен. Назарларыңызға бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз:

✅ 1. Секпілден құтылу үшін алмадан жасалған масканы пайдалануға болады. Ол үшін піскен алманың жартысын алып, қабығынан тазартып, сүйектерін алып тастап, майдалап үгітіңіз. Бір шай қасық балмен, алма сіркесімен, өрік қышқылымен және 2 ас қасық зәйтүн немесе басқа өсімдік майымен араластырыңыз. Толық араласқан соң бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен, содан соң суық сумен бетіңізді жуыңыз. Бұл масканы аптасына кем дегенде екі рет жасап тұрыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Пайдасы мол 10 кеңес

✅ 1. Біріншіден, таңертең өте ерте ояныңыз. Өйткені ғалымдар ерте ұйықтап, ерте оянатын адамдардың өмір жасы ұзақ болатындығын бұрын да дәлелдеп қойған. Сонымен қатар, ерте тұратын адамдардың еңбегі де өнімді болады.

✅ 2. Екіншіден, таңертеңгі асты тойып ішіп алу керек. Себебі таңертеңгі аспен біз бір күнге қуат жинап аламыз. Екі бутерброд пен бір шынаяқ кофе сізге ас болмайды. Таңертеңгі ас барынша құнарлы әрі тойымды болса, түскі ас пен кешкі асты жұмыс күніңізге қарай ішесіз.

✅ 3. Таңертең кішігірім жаттығу жасауды ұмытпаңыз. Таңғы жаттығу денеңізді шынықтырып, ұйқыңызды ашады......
Кеңестер
Толық

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

✅ 4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері

Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен?

✅ 1. Біз сүйіктімізге күніне мың рет қоңырау шаламыз. Ер адам жұмыста болса да, оны жұмысынан алаңдататынымызды білсек те, түсінгіміз келмейді. Қоңырау шалғанда, телефонын көтермесе, ашуға булығып, сүйіктімізбен санасудан бас тартамыз. Бұл ісімізді "оған қамқорлық танытып жатырмын" деп ақтап алғымыз келеді. Осы дұрыс па?

✅ 2. Құрбымызбен телефон арқылы сағаттап сөйлесуді ұнатамыз. Сүйіктіміз жанымызда отырғанда, құрбымызбен әр нәрсені бір айтып, телефонмен сөйлесеміз. Бұл қылығымыз ер адамды ренжітеді. Өйткені еркектер үнемі назарда болғанды қатты жақсы көреді. ......
Кеңестер
Толық

Бет терісін ылғалдандыратын маскалар

Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Су ағзаның әрбір жасушасын қандырып, саулығы мен әдемілігіне ықпал етеді. Сол себепті ылғалдылықтың табиғи балансын сақтауға үйде жасалатын ылғалдандырғыш маскалар көмекке келеді.

✅ Құрғақ теріге арналған маскалар
Құрғақ теріге арналған, ылғалдандыратын, ең оңай жасалатын маска бір үлкен қасық бал, өсімдік майы мен бір жұмыртқаның сарысынан тұрады. Бұл маска сонымен қатар теріні қоректендіреді. Масканы бетте кемінде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық

Банан қабығының тоғыз қасиеті

✅ 1. Күмісті тазалайды
Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

✅ 2. Аяқ киімге арналған жақпа май
Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз. ......
Кеңестер
Толық